Спорт

Елордалық боксшы Санжар Ташкенбай Азия чемпионы атанды

Елордалық боксшы Санжар Ташкенбай Азия чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info. 

Бокстан Тайландта өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында финалға шыққан жерлесіміз Санжар Ташкенбай алтынды қанжығалады.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі алтын медаль үшін жекпе-жекте жерлесіміз Өзбекстаннан келген Шодиержон Меликузиевпен кездесті. 

Санжардан кейін Бангкок рингіне тағы бес қазақстандық финалист көтеріледі, олар: Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг), Махмуд Сабырхан (57 кг), Абзал Серік (67 кг), Сабыржан Аққалықов (71 кг) және Диас Молжігітов (75 кг)

Осылайша төрешілердің ортақ шешімімен жерлесіміз Санжар 2023 жылғы Азия  чемпионатының жеңімпазы атанды. 

Айта кетейік, жарыс 27 қаңтарға дейін өтеді.

-->