Қысқы Универсиадада Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты
АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада шаңғышылар арасында 15 шақырымға жаппай старт өтті, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан намысын 6 шаңғышы қыз қорғады: Ксения Шалыгина, Надежда Степашкина, Лаура Қиныбаева, Айша Рақышева, Анастасия Ротова және Мария Люфт.
Олардың арасында үздік нәтижені Ксения Шалыгина көрсетті. Ол дистанция көшбасшысынан 11,7 секунд артта қалып, «қолаға» қанағат тұтты. Алтын жүлдені эстониялық шаңғышы Мариэль Пуллес жеңіп алды. Күміс медаль Америка спортшысы Кендалл Крамерге бұйырды (+0.4 секунд).
Айта кетейік, бұл Ксения Шалыгина үшін Универсиада-2023-тегі екінші медаль. Ол Айша Рақышева, Надежда Степашкина енген құраммен эстафетада «қолаға» қол жеткізген еді.
-->