Спорт

Азия чемпионатындағы қазақ боксшыларының қарсыластары анықталды

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан 22 жасқа толмаған боксшылар арасындағы Азия чемпионатында бүгін Қазақстан бұрымдылары өнер көрсетеді, деп хабарлады Elorda.info.

48 келіге дейінгі салмақта Әнел Құдайберген өзбекстандық Фарзона Фозиловамен қолғап түйістіреді.

50 келіде Мөлдір Тойкова филиппиндік Мариэль Таландратамен айқасады.

Ал 52 келіде Жансая Рахымберді Вьетнам боксшысы Тхи Хой Нгуенмен жекпе-жекке шығады.

Қазақстан құрамасынан ринг төріне бүгін соңғы шығатын боксшымыз 57 келіде өнер көрсететін Виктория Графееваның қарсыласы таиландтық Натничей Чонгпронгкланг.

Трансляция Астана уақытымен 13:00-де басталады.

-->