Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.
Вадим нысана көздеуден бір рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37,4 минут нәтиже көрсетті.
Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг қазақстандықтан 42,6 секундқа артта қалып, екінші орынға ие болды. Ал франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үштікті түйіндеді.
Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде – алтын медаль түсті.
-->Қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес Лэйк-Плэсид (АҚШ) қаласында өтіп жатқан қысқы универсиаданың чемпионы атанды, деп хабарлады Elorda.info.