Спорт

ҚХЛ: «Барыс» жылды жеңіспен бастады

«Барыс» ҚХЛ тұрақты маусымындағы матчта өз алаңында «Металлургты» 3:2 есебімен жеңді, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында екі команданың белсенділігі байқалды. Алғашқы минуттан бір-бірінің қақпаларының маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде, алғашқы он минуттың ішінде ресейлік хоккейшілер екі шайба соғып үлгерді. Оны Павел Акользин 6, Брендан Лайпсик 8-минутта өзінің еншісіне жазды.

Екінші кезеңде қазақстандық команда таразы басын теңестіруге ұмтылды. Десе де, аталған кезеңнің соңғы минуттарына дейін қарсыластар қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Ойынның 37-минутында Аңсар Шайхмедденов пен Алекс Грант шығарып берген пасты Тамирлан Гайтемиров голға айналдырды. Ал 39-минутта әріптесі Линден Вей берген пасты Дмитрий Шевченко қақпаға соқты.

Жақында елордалық команда сапына қосылған Александр Борисевич 46-минутта «Барыс» сапындағы алғашқы шайбасын қақпаға кіргізді. Бұл жеңіс голына айналды. Осылайша, «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті.

Барыс - Металлург 3:2 (0:2, 2:0, 1:0)

Айта кетейік, 5 қаңтарда «Барыс» сырт алаңда Хабаровсктің «Амурымен» ойнайды.

-->