Спорт

Президент шахматшы Бибісара Асаубаеваны жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы шахматтан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған Бибісара Асаубаеваны құттықтады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтың блиц түрінен әйелдер арасында әлем чемпионы атанған даңқты шахматшы Бибісара Асаубаеваны құттықтады.

Мемлекет басшысы екінші рет қатарынан алтын медаль иеленген Бибісараның жеңісі оның асқан шеберлігі мен ерен ерік-жігерін тағы бір рет паш еткенін айтты.

Оның айтуынша, әлемдік сайыстағы отандық спортшылардың осындай елеулі жетістіктері елімізді интеллектуал ұлт ретінде танытып, Қазақстанда шахмат спортының дәріптелуіне ықпал етеді және мыңдаған жас өренді жігерлендіреді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваға әлемдік шахмат аренасында жарқын жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

-->