Елордада Qysqy jugiru жарысы өтті (ФОТО)
Астанадағы Триатлон саябағында жыл сайынғы Qysqy jugiru жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Qysqy jugiru жарысының негізгі қашықтығы 10 шақырымды құрады. Қатысушылар 5 жас ерекшеліктері бойынша сынға түсті. Атап айтсақ, 18-29 жас; 30-39 жас; 40-49 жас; 50-59 жас; 60 жас және одан жоғары.
Qysqy jugiru жарысының басты мақсаты – елордада бұқаралық спортты дамыту, қала тұрғындары мен қонақтары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұлт денсаулығын жақсарту.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа тіркелген қала тұрғындарының саны 230-ға жеткен.
Жарысқа денсаулығы жарамды, жасы 18 ден асқан қала тұрғындары мен қала қонақтары және спорт әуесқойлары қатысты.
Мәреге жеткен әрбір қатысушыға финишорлық медалі табысталып, әр жас санаттағы жеңімпаздар сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
-->Астанадағы Триатлон саябағында жыл сайынғы Qysqy jugiru жарысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.