Спорт

«Барыс» бүгін «Автомобилистпен» кездеседі

Астананың «Барысы» өз алаңындағы қысқа серияны Екатеринбургтің «Автомобилистіне» қарсы кездесуімен аяқтайды, деп хабарлады Elorda.info.

Қарсылас команда Шығыс конференциясының көшбасшысы, алайда халықаралық үзілістен кейін олар өз алаңында «Адмиралдан» (2:3) және «Сібірден» (0:4) жеңіліп қалды.

Бұл факт «Барыс» жанкүйерлеріне оң нәтижеге үміттенуге мүмкіндік береді.

«Барыс» – «Автомобилист» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 16:50-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасы көрсетеді.

-->