Спорт

«Барыс» «Нефтехимик» командасынан басым түсті

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын кеше Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Кездесу барысында екі команда ойын басынан гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Десе де олар діттеген мақсатына жете алмай жатты. Алғашқы кезеңде командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Жалпы ойын нәтижесінде «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

«Барыс» ендігі ойынын 21 желтоқсанда елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізеді.

-->