Қазақ күресінен әлем чемпионаты аяқталды
Қазақ күресінен өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күні өз мәресіне жетті. Бұл күні жастар мен жасөспірімдер (U17 және U20) кілемге шығып, әрқайсысы 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті, деп хабарлады Elorda.info.
Чемпионаттың соңғы күні өткен тартысты күрестердің нәтижесінде жас балуандарымыз қоржынға 7 алтын 2 күміс және 7 қола медаль салды. Атап айтқанда, U17 жастағылар арасында Аманұлы Ақылбек (50 кг), Әлімби Әли (60 кг) және Әбдісәметұлы Сардар (+82 кг) чемпион атанды. Жоспар Олжас (70 кг) күміс медальға ие болды. Ал Қуан Қыдырмолда (50 кг), Рузимин Тұғышев (60 кг.), Темірхан Дәрусейітхан (82 кг) үздік үштікті түйіндеді.
U20 жас тобына келер болсақ, Теміржан Руслан (60 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Бибарыс Нұғман (84 кг), Ерасыл Амангелді (+100 кг) чемпион атанды. Шоқан Нұрмаханбетов (100 кг) күміс медальға ие болса, Алтынбек Қалмақбаев (60 кг), Ералхан Балтабай (72 кг), Мейіржан Беріков (100 кг) және Мейіржан Әбдімәліков (+100 кг) үшінші орынға табан тіреді.
Айта кетсек, спорттық мереке – Әлем чемпионатында 40-қа жуық мемлекеттен 350 спортшы қатысып, Qazaq Kuresi World Championships атағын сарапқа салған болатын.
Qazaq kuresi Ассоциациясы қазақ күресінен Әлем чемпионатын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры» корпоративтік қорының, «Сәтті жұлдыз» бірегей лоторея операторының және Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының қолдауымен ұйымдастырып жатыр.
-->Қазақ күресінен өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күні өз мәресіне жетті. Бұл күні жастар мен жасөспірімдер (U17 және U20) кілемге шығып, әрқайсысы 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті, деп хабарлады Elorda.info.