Елордада Асқар Забикулинді еске алуға арналған жарыс басталды
Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында және адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулинді еске алуға арналған құқық қорғау және күштік құрылымдар арасында Төтенше жағдайлар министрінің кубогына шайбалы хоккейден жарыстың ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ішкі істер министрлігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күштері өзара күш сынасуға шешім қабылдады.
"Қазақстан" спорт кешенінде өткен іс-шараның салтанатты ашылуында турнир қонақтары мен қатысушыларына ТЖ министрі Юрий Ильин құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларды турнирдің басталуымен құттықтап, қатысушыларға жоғары спорттық жетістіктер мен жеңістер тіледі. Іс-шара барысында Юрий Ильин Асқардың жұбайына Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен берілген І дәрежелі Айбын марапатын табыстады. Сондай-ақ, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев жылы лебіздерін білдірді.
Матч басталар алдында қатысушылар өрт сөндіруші Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Екі күндік турнир үш кезеңнен тұрады, әрқайсысы айналмалы жүйе бойынша 15 минуттан және бірінші күн ҰҚК мен ІІМ және МКҚ мен ТЖ министрлігі жекпе-жегінен басталды.
Жарыстың екі күнінің қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері кімнің мықты екенін анықтайды.
-->Астанада Тәуелсіздік күні қарсаңында және адамдарды құтқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулинді еске алуға арналған құқық қорғау және күштік құрылымдар арасында Төтенше жағдайлар министрінің кубогына шайбалы хоккейден жарыстың ашылуы өтті, деп хабарлады Elorda.info.