Спорт

Астанада паратаеквондодан қалалық жарыс өтеді

Астанада Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсан күні сағат 11:00-де Паралимпиадалық жаттықтыру орталығында тірек-қимыл аппараты зақымдалған, есту қабілеті төмен спортшылар арасында паратаеквондодан қалалық жарыс өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Жарысқа қатысушылар «пхумсе» және «керегу» бағдарламалары бойынша әртүрлі салмақ санаты бойынша өнер көрсетеді.

Паратаеквондо жаттықтырушысы Ербол Симамбаевтың айтуынша, қалалық жарыс Тәуелсіздік күніне орай өтеді. Жарысқа шамамен 20-ға жуық параспортшы қатысады. Мұндай жарыстар қаламызда жиі өткізіліп тұрады. Бұл жарыс демонстрациялық орындау бағдарламасы бойынша өткізіледі.

Жарыс 17 желтоқсан күні сағат 11:00-де Паралимпиадалық жаттықтыру орталағында (Ақшоқы, 2) өтеді.

-->