Әлем мықтылары Астанаға жиналды
Елордада жекпе-жектен дүниежүзілік дода өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, биылғы бәсекенің ерекшелігі – жарыс тек ерлер арасында ғана емес, алғаш рет әйелдер арасында да ұйымдастырылды. Яғни, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған бұрымдылар да қазақ күресінен әлем чемпиона деген атақты сарапқа салады. Бұған қоса, бағдарламаға жастар мен жасөспірімдердің де белдесулері қосылған. Дүбірлі додадаға 40-қа жуық елден 350 палуан жиналды. Олар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды.
Алғашқы жарыс күндерінің қорытындысы бойынша жерлестеріміз жалпы тізімде алда келе жатыр. Яғни, ұлттық құрама спортшылары 8 алтын, 1 күміс және 2 қола еншілеп үлгерді. Бірақ, басқа қарсыластардың да қарым-қабілеті жоғары, сәйкесінше, бәсекелестік те жыл өткен сайын артып келеді дейді мамандар.
Qazaq kuresi Ассоциациясы қазақ күресінен Әлем чемпионатын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының, «Туризм мен спортты қолдау және дамыту қоры» корпоративтік қорының, «Сәтті жұлдыз» бірегей лоторея операторының және Дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясының қолдауымен ұйымдастырып жатыр.
-->Елордада жекпе-жектен дүниежүзілік дода өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Хабар24 жазуынша, биылғы бәсекенің ерекшелігі – жарыс тек ерлер арасында ғана емес, алғаш рет әйелдер арасында да ұйымдастырылды. Яғни, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған бұрымдылар да қазақ күресінен әлем чемпиона деген атақты сарапқа салады. Бұған қоса, бағдарламаға жастар мен жасөспірімдердің де белдесулері қосылған. Дүбірлі додадаға 40-қа жуық елден 350 палуан жиналды. Олар Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды.
Алғашқы жарыс күндерінің қорытындысы бойынша жерлестеріміз жалпы тізімде алда келе жатыр. Яғни, ұлттық құрама спортшылары 8 алтын, 1 күміс және 2 қола еншілеп үлгерді. Бірақ, басқа қарсыластардың да қарым-қабілеті жоғары, сәйкесінше, бәсекелестік те жыл өткен сайын артып келеді дейді мамандар.
Еліміздің ішін алсақ жастар мен жасөспірімдер тек қана Қазақстан біріншіліктерінде күрескен жылма-жыл. Одан ары қарай жетістіктері жоқ, жарыстары жоқ. Сондықтан олар басқа күрес түрлеріне ауысып кетіп жатқан. Биылғы жылы жеңімпаз алған жаттықтырушылар өздерінің категорияларын көтереді. Спортшылар халықаралық спорт шебері атақтарын алады, - деді Qazaq kuresi ассоциациясының бас директоры Ербол Мырзабосынов.