Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды
Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында тұңғыш рет қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа әлемнің 39 елінен 350 палуан қатысуда. Чемпионаттың ерекшелігі – бір кілемде 3 жас категориясы өнер көрсетеді: жасөспірімдер, жастар және ересектер.
Жарыста Қазақстан атынан: Бекжан Төлепов (55 кг), Марат Нығматуллаев (60 кг), Нұр Аманшүкіров (66 кг), Жұмажан Қожамбеков (74 кг), Айдын Дартаев (82 кг), Тоқтарбек Айдарбек (90 кг), Мұхит Тұрсынов (100 кг) және Нұрдәулет Жарылғапов (+100 кг) шығады.
Бүгінде қазақ күресі Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да көптеген елдерінде танымал. Мәселен, 2017 жылдан бастап осы спорт түрінен 2 әлем чемпионаты, 2 Еуропа және 2 Азия чемпионаты, сондай-ақ 13 рет Қазақстан Республикасының чемпионаты өткізілді. Бұл ретте әлемнің 30-дан астам елінде федерация жүйелі түрде жұмыс істейді, ал 2016 жылы қазақ күресі ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұра тізіміне енгізілген.
-->Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында тұңғыш рет қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Жарысқа әлемнің 39 елінен 350 палуан қатысуда. Чемпионаттың ерекшелігі – бір кілемде 3 жас категориясы өнер көрсетеді: жасөспірімдер, жастар және ересектер.
Қазақ күресі – қазақ халқымен біртұтас, ұлт тарихының ажырамас бөлігі. Күрестің бұл түрі әрқашан өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңызды құралдарының бірі болды және болып қала береді. Ол бұла күштің нығаюына, төзімділіктің қалыптасуына ықпал етеді, сонымен қатар сыни ойлау мен әділеттілікті дамытады. Сондықтан да қазақ күресін кеңінен насихаттауға көп көңіл бөлініп келеді. Бүгінде 142 мыңнан астам адам осы спорт түрімен айналысады. Бұл турнир әлемдік аренада қазақ күресінің одан әрі қанат жаюына тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.