Спорт

Елордада БАҚ өкілдері арасында волейболдан турнир өтті

Астанада БАҚ өкілдері арасында Зейнолла Сәнік атындағы Мәдениет қорының жүлдесі үшін волейболдан турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.

8 команда қатысқан додада "Қазмедиа" командасы топ жарды.

Командалар жеребе бойынша екі топқа бөлінді. "А" тобында "7 арна", "Айқын" газеті, "Qazcontent" агенттігі, "Комментатор" командалары ойнаса, "В" тобында "Atameken business" телеарнасы, "Хабар" агенттігі, "Егемен Қазақстан" газеті және "Қазмедиа" орталығы өнер көрсетті.

Осылайша қос топтан жартылай финалға "Қазмедиа" – "7 арна", "Qazcontent" – "Atameken business" командалары шықты. Ал бас жүлдеге "Қазмедиа" мен "Qazcontent" таласты. Өте тартысты өткен ойын екі сетпен аяқталса да, командалар аянып қалған жоқ. Соңына дейін қайсысының жеңімпаз болары белгісіз болды. Дегенмен, бас кубок "Қазмедиаға" бұйырды. Үшінші орынды "Atameken business" ойыншылары еншілесе, жұбаныш жүлдесін "7 арна" алды.

БАҚ өкілдерінің басын қосқан турнирде ешкім жүлдесіз қалған жоқ. Чемпион команда 300 мың теңгеге ие болса, 2-орын иегері 200 мың теңгені еншілеп, үздік үштікті түйіндеген ұжым 100 мың теңгемен марапатталды. Тіпті, 4-орын алған командаға да жұбаныш ретінде 70 мың теңгенің сертификаты берілді. Сондай-ақ, 6 номинация бойынша жекелеген ойыншылар 40 мың теңгеден иеленді.

-->