Қазақстандық алғаш рет үстел теннисінен әлем чемпионатында «алтын» алды
Тунисте жасөспірімдер арасында үстел теннисінен әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев аралас сында мысырлық Хана Годамен бірге жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан үстел теннисі федерациясынан мәліметінше, қазақстандық-мысырлық жұп финалда португалиялық Тьяго Абиодана – испаниялық Мария Берзосадан басым түсті.
-->Тунисте жасөспірімдер арасында үстел теннисінен әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев аралас сында мысырлық Хана Годамен бірге жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан үстел теннисі федерациясынан мәліметінше, қазақстандық-мысырлық жұп финалда португалиялық Тьяго Абиодана – испаниялық Мария Берзосадан басым түсті.
Бұл – тарихи жетістік! Алан Құрманғалиев әлем чемпионы атанды. Бұл – қажырлы еңбек пен спортшының өз ісіне берілгенінің жемісі. Алан жыл бойы үзбей жаттығып, шеберлігін жетілдіре отырып, халықаралық жарыстарда 19 медальға қол жеткізді. Бүгін Қазақстан үстел теннисі тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Бұл спорт түрінен еліміз жаңа халықаралық деңгейге көтерілді. Бұл бәріміз үшін аса маңызды. Чемпионды тәрбиелеген бапкер Эльмира Алиеваға алғысымды білдіремін. Алан мен барлық жанкүйерлерді құттықтаймын. Біздің спортшымызбен мақтанамыз!, – деді Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулғазин.