Спорт

Бүгін «Барыс» елордада «Салават Юлаев» командасымен кездеседі

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада «Салават Юлаев» (Уфа) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған ойын бүгін, 21 қараша елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 55 мәрте кездесті. Оның 23-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

Қазір турнир кестесінде отыз екі ойыннан кейін 28 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 19-орында келеді.

-->