Спорт

БАӘ мен Қазақстан жолдастық матчының төрешілері анықталды

Футболдан Қазақстан құрамасы 19 қарашада Біріккен Араб Әмірліктері командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ойынға мысырлық төрешілер тобы қазылық жасайды. Бас төреші — Махмуд Закарья Аль-Банна, оған қос қапталдан Ахмед Хоссам Эль-Дин мен Сами Мухаммад Абу Зейд көмектеседі.

Zayed Sports City Stadium-да өтетін жолдастық матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.

БАӘ құрамасы ФИФА рейтингісінде 69-орында тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстан құрамасы жолдастық ойында Өзбекстаннан жеңіліп қалды

Айта кетейік, 16 қарашада Магомед Адиев шәкірттері Ташкентте Өзбекстан құрамасымен жолдастық матч өткізіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

-->