Спорт

Жәнібек Әлімханұлына рингке шығуға тыйым салынды

Жәнібек Әлімханұлына 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін жекпе-жек өткізуге ресми түрде тыйым салынды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz-ке сілтеме жасап.

WBO орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) 13 қарашада Лас-Вегаста британдық Дензель Бентлимен (17-2-1, 14 КО) жекпе-жек өткізген болатын.

Кездесу Әлімханұлының жеңісімен аяқталды.

Жекпе-жектен кейін Невада штатының Атлетикалық комиссиясы боксшыларға бірқатар шектеу қойды.

Енді қазақстандық боксшыға 2022 жылдың 13 желтоқсанына дейін жекпе-жек өткізуге ресми түрде тыйым салынды, ал Бентли рингке 28 желтоқсанға дейін шықпайды.

Бұл шара медициналық сипатта енгізілгені қоса хабарланды.

-->