Спорт

Боксшы Айдос Ербосынұлының қазіргі жағдайы белгілі болды

Suleimen Promotions компаниясы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Айдос Ербосынұлының қазіргі жағдайына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Оқи отырыңыз: Боксшы Айдос Ербосынұлы жекпе-жектен кейін комаға түсті

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен титулдық жекпе-жегі нокаутпен аяқталған болатын.

Супер орта салмақтағы WBA World титулы сарапқа салынған кездесу 12 раундқа жоспарланған болатын. Алайда жекпе-жектің аяқталуына санаулы сәт қалғанда кубалық былғары қолғап шебері Давид Моррель отандасымызды нокаутқа жіберді.

Оқи отырыңыз: Президент боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады

Кейінірек Айдостың жасанды комаға түскені хабарланды.

-->

Жағымды жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды. АҚШ-тағы компания өкілінің хабарлауынша, боксшының денсаулығы едәуір жақсарған. Отандасымыз әлі де болса дәрігерлердің бақылауында болмақ. Батырымызға қолдау білдірейік, – делінген ақпаратта.