Спорт

Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатына қатысады

Батуттағы гимнастикадан ерлер мен әйелдер арасындағы 36-әлем чемпионатын Болгария астанасы София қаласы қабылдайды. Дүбірлі сынға қазақстандық гимнасттар да қатысады, деп хабарлады Elorda.info федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасап.

Маусымның қорытынды жарысы саналатын әлем біріншілігінде 39 мемлекеттің өкілдері бақ сынайды. Бұл сында Қазақстан атынан бес спортшы өнер көрсетпекші. Олар - Данил Мұсабаев, Пирмаммад Әлиев, Игорь Грачев, Роман Барков пен Ерлан Тасмағамбетов.

Барков пен Тасмағамбетов жұбы жекелей және синхронды секіруден бақ сынаса, қос мини-трамп санатында Грачев ел намысын қорғайды.

Айта кетелік, бұған дейін спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты өтіп, қазақстандық Нариман Курбанов пен Милад Карими финалда сынға түскен болатын.

-->