Спорт

«Барыс» бүгін «Салават Юлаев» клубымен кездеседі

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.
Аталған ойын бүгін 13 қарашада елорда уақытымен 17:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 54 мәрте кездесті. Оның 22-сі «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде жиырма тоғыз ойыннан кейін 26 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді.
Ал жиырма сегіз ойыннан кейін 40 ұпай жинаған «Cалават Юлаев» 4-орынға жайғасқан.
Кейінгі он кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.

-->