Спорт

Азия чемпионаты: Жазира Орақбаева жартылай финалға жолдама алды

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Жазира Орақбаева жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info.

Жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ж. Орақбаева 52 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Ким Чае Вонмен жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы үш раунд бойы жақсы өнер көрсетті. Сөйтіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Бұл – Жазира кемінде қола жүлдеге ие болады деген сөз. 

Қазақстандықтардан бүгін Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова (57 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Дариға Шәкімова (70 кг), Валентина Хальзова қарсыластарымен қолғап түйістіреді. 

Сондай-ақ, кешкі сессияда әлем чемпионы, Токио олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов рингке шығады. Оның қарсыласы – малайзиялық Гайюм Ариффин.

-->