Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты, деп хабарлады Elorda.info.
Санжар 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қазақстандық боксшының айқын басымдылығымен өтіп, төрешілер бір ауыздан жеңісті 19 жастағы Санжар Тәшкенбайға берді.
С.Тәшкенбай жастар арасында әлем және Азия чемпионы болса, қарсыласы да осал емес. Ол биыл 22 жасқа дейінгілер арасында Азия біріншілігінде топ жарған.
-->Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты, деп хабарлады Elorda.info.