Азия чемпионаты: Бүгін кімдер жұдырықтасады
Бокстан Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатында 3 боксшымыз рингке шығады, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыстың төртінші күні жастар арасында әлем және Азия чемпионы Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен жұдырықтасады.
Бүгін сондай-ақ Қазақстан чемпионы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта түрікменстандық Сапармұрат Одаевпен жекпе-жекке шығады.
Ел құрамасындағы тәжірибелі боксшылардың бірі, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианьярмен сынға түседі.
Күндізгі сессия Астана уақытымен сағат 16.00-де, кешкі сессия 21.00-де басталады.
-->Бокстан Иорданияда өтіп жатқан Азия чемпионатында 3 боксшымыз рингке шығады, деп хабарлады Elorda.info.