Спорт

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі қайдан көрсетіледі

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) алғаш рет британдық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) жекпе-жекте WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда Әлімханұлы-Бентли жекпе-жегінің трансляциясын «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Тікелей эфир 13 қараша күні таңертең Астана уақытымен 08:00-де басталады.

Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі Лас-Вегаста өтеді. Қазақстандық боксшы Бентлимен жекпе-жегі титулды ерікті қорғау мәртебесін алды.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша толыққанды чемпион атанған. Бұрынғы титул иегері Деметриус Андраде Жәнібек Әлімханұлына қарсы титулды қорғаудан бас тартты.

-->