Спорт

Елордада шинкиокушинкай каратэден республикалық турнир өтеді

Астанада 12-13 қараша күндері «Арлан» клубының 30 жылдығына орай шинкиокушинкай каратэден ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Турнирге Алматы, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары және Астана қаласынан 400-ден астам бала мен жасөспірім қатысады.   Олар - 6 мен 15 жас аралығындағылар.

Ел біріншілігінің ашылу салтанатына және жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне спорт және дене шынықтыру басқармасы, білім басқармасы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі өкілдері қатысады.

-->

Шинкиокушинкай каратэден өтетін республикалық турнир елорданың спорттық өміріндегі жарқын оқиға ғана емес, ол балаларды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырады. Ал жарысқа қатысушылардың өздері жанкүйерге ұмытылмас жарқын эмоциялар сыйлап, оларды осы спорт түрінен чемпиондық атақ алуға ынталандырады деп үміттенеміз, - деп атап өтті «UMIT TYNYSY» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Гүлім Жүсіпова.