Спорт

«25 млн еуро»: «Барселона» Мессиге ұсыныс жасады

Испаниялық «Барселона» футбол командасы аргентиналық футболшы Лионель Мессиге жылына 25 миллион еуро көлемінде еңбекақы ұсынуға дайын, деп хабарлады Elorda.info

Sport.es сайтының жазуынша, каталондық клуб франциялық ПСЖ сапында жүрген шабуылшыға ары қарай ұзартуға болатын бір жылдық келісімшарт ұсынбақшы. Алайда бұл еңбекақы Мессидің париждік клубтан алатын жалақысынан төрт есе төмен. 

ПСЖ мен аргентиналық форвард арасындағы келісімшарт биыл маусымда аяқталады. Осыдан кейін ол еркін агент атанады. «Барселонадан» бөлек Леоны саудиялық «Әл-Хиәләл» клубы да сапына қосқысы келеді, ал арабтар жылына 400 миллион еуро төлеуге дайын.

Еске салайық, ПСЖ-мен келісімшарты аяқталғанда Месси 36 жаста болады.

-->