Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қазақстандық жасөспірім алтын медаль алды
Әзербайжанда өткен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік шахмат олимпиадасына Қазақстан құрамасы қатысты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыс қорытындысы бойынша Сауат Нұрғалиев жеке есепте алтын медаль жеңіп алды, ал Иманғали Ақылбай қола жүлдегер атанды. Жарыс жүлдегерлерімен мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кездесті.
Айта кетейік, жалпы командалық есепте қазақ спортшылары Үндістан мен Иранның командаларын басып озып, төрттікке кірді.
-->Әзербайжанда өткен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік шахмат олимпиадасына Қазақстан құрамасы қатысты. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыс қорытындысы бойынша Сауат Нұрғалиев жеке есепте алтын медаль жеңіп алды, ал Иманғали Ақылбай қола жүлдегер атанды. Жарыс жүлдегерлерімен мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кездесті.
Көптеген ірі халықаралық жарыстарда қазақ шахматшылары жеңіс тұғырынан көрініп келе жатқаны қуантады. Жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік шахмат олимпиадасы да соның айқын дәлелі. Бұл жетістік - балалардың, және олардың жаттықтырушылары мен федерацияның ауқымды әрі қажырлы жұмысының нәтижесі. Дәл осындай жеңіс шахматпен айналысуға түрткі болып, жеткіншектерімізді жігерлендіреді, - деді Дәурен Абаев.
Айта кетейік, жалпы командалық есепте қазақ спортшылары Үндістан мен Иранның командаларын басып озып, төрттікке кірді.