Қазақстандық гимнаст Чехияда өткен Гран-приде қола медаль алды
Қазақстандық гимнаст Сабина Бакатова Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при жарысының кезеңінде қола медаль алды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Сабина Бакатова Чехияда көркем гимнастикадан өткен Гран-придің кезеңінде лентамен өнер көрсетіп, «қола» алды. «Алтынды» словениялық гимнастшы Екатерина Веденеева, ал «күмісті» франциялық Лили Рамоначо алды.
18 жастағы гимнаст – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Биыл наурыз айында ол Грецияда өткен танымал Афродита кубогы турнирінде қола медальды жеңіп алған болатын.
-->Қазақстандық гимнаст Сабина Бакатова Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при жарысының кезеңінде қола медаль алды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.