Спорт

ҚХЛ: Елордалық команда «Адмиралдан» басым түсті

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубына қарсы өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Екі команда турнир кестесінде қатарлас келеді. «Барыс» 17 ұпаймен 13-орында келе жатса, 16 ұпай жинаған «Адмирал» 17-орынға жайғасқан еді.

Кездесу барысында елордалық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен алға шықты.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 15 қарашада елордада Ресейдің «Амур» (Благовещенск) командасына қарсы өткізеді.

-->