Спорт

Зияткерлік мектептерде тоғызқұмалақтан желілік спартакиада басталды

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан дәстүрлі V желілік спартакиада өтуде, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл дәстүрлі спартакиада Халықаралық бакалавриат мектебінің базасында өтіп жатыр, сайыстың салтанатты ашылу рәсімінде NIS IB оқушылары Нұрсая Үмбетәлі мен Ерасыл Жағалбаев бірегей ойынның тарихы мен ережелеріне тоқталып өтті.

Төрешілер командасын дәстүрлі түрде ұлттық спорт төрешісі Нұржан Қоңырбаев пен тоғызқұмалақтан Жетісу облысының аға жаттықтырушысы Бауыржан Шурин құраса, биыл олардың қатары тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Медет Құсайыновпен толықты.

Биыл NIS халықаралық бакалавриат мектебінің намысын Мәнсия Сыздық, Нұрхан Төлеев және Мұқаш Мұратхан қорғайды.

Ойын өте тартысты өтуде. Оқушылар спартакиадаға сақадай сай, үлкен іріктеуден өткендері байқалады. Мектебіміздің үш оқушысы қатысып жатыр. Жеңістен үміттіміз, – дейді NIS халықаралық бакалавриат мектебінің тоғызқұмалақтан жаттықтырушысы Альмира Орынбекқызы.

Жалпы алғанда спартакиадаға Зияткерлік мектептердің жүзге жуық оқушысы қатысуда, байқау аясында «Тоғызқұмалақта тапқырлық бар» челленджі де бастау алды.  

Айта кетейік, 2020 жылдың соңында тоғызқұмалақ ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енгізілді.

-->

Қазақ халқының қайталанбас мұрасына айналып, зияткерлік пен дәстүрді тоғыстыратын тоғызқұмалақ ойынына қатысатын оқушылармыздың саны артқаны – біз үшін командалық жеңіс, – деп атап өтті NIS-ті дамыту департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ.