Қазақстан құрамасы кикбоксингтен әлем чемпионатында 51 медаль алды
30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Лидо-ди-Езоло (Италия) қаласында өткен кикбоксингтен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған чемпионатта Қазақстан құрамасы жалпы есепте 9 алтын, 19 күміс және 23 қола медаль иеленді. Олардың ішінде жасөспірімдер құрамасы 4 «алтын, 4 «күміс» және 10 «қола» алса, жастар құрамасы 5 «алтын», 15 «күміс» және 13 «қола» жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының спортшылары фулл-контакт, лоу-кик және К1 секілді үш бөлім бойынша сынға түсті. Бұл чемпионатқа әлемнің 63 елінен 735 спортшы қатысты.
-->30 қыркүйек пен 9 қазан аралығында Лидо-ди-Езоло (Италия) қаласында өткен кикбоксингтен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.