Спорт

Елордада «Astana Marathon-2022» өтеді

Алдағы жексенбіде елордада жыл сайынғы халықаралық «Astana Marathon-2022» спорттық іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Elorda.info  Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ халықаралық марафонға қала әкімі де қатысады.

Марафонға қатысуға ниет білдірген қала тұрғындары мен қонақтары 42.2 км және 10 км қашықтықта өз күштерін сынап көре алады.

Astana Marathon дайындығы әртүрлі деңгейдегі қатысушыларды тартады. Мәселен, әуесқойлар үшін Бостон марафонына, кәсіби спортшылар үшін Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алу мүмкіндігі бар. Марафонға қатысушыларға 42.2 км (18 жастан асқан), сондай-ақ 10 км (16 жастан асқан) қашықтықтар ұсынылады. Айта кетсек, биылғы марафонда «көшбасшылар тақтасы» пайда болады, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2009 жылдан бастап марафондар арқылы 39 425 458 теңге жиналып, мұқтаждарға көмек көрсетілген.

-->

Қазіргі уақытта жарыста Қазақстанның әртүрлі қалаларынан, сондай-ақ Ұлыбритания, АҚШ, Нидерланды, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Моңғолия және басқа елдерден 2,5 мыңға жуық қатысушы тіркелді. 42.2 км қашықтықта ерлер 92,76% және әйелдер 7,24% құрайды. 10 км — де ерлер мен әйелдердің арақатынасы сәйкесінше 66,43% және 33,57% құрайды, - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ халықаралық марафонға қала әкімі де қатысады.

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов алдағы «Astana Marathon-2022» халықаралық марафонына қатысатынын растады. Сонымен қоса елордалық спортшылар,  жүгіру клубтары, мемлекеттік органдар мен бизнес құрылымдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, корпоративтік командалар-бір сөзбен айтқанда, жүгіруді ұнататындардың барлығы қатысады, - деп жазылған Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарламасында.