Спорт

ҚХЛ: «Барыс» овертаймда «Сочиден» басым түсті

«Барыс Арена» спорт кешенінде «Сочи» командасымен болған ойын елордалық клубтың пайдасына 5:4 есебімен аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.

Ойынның негізгі уақыты 4:4 есебімен аяқталды. Овертайм кезінде сәттілік мұз айдын иелерінің жағында болды. Жеңіс шайбасын соққан Линдей Вей.

Осы жеңістен кейін, «Барыс» Шығыс конференциясында 6-шы орында келеді. Ал Андрей Назаров шәкірттері Батыс Конференциясының соңғы 11-ші орнында.

«Барыс» келесі кездесуін 4 қазан күні Астанада «Нефтехимикке» қарсы өткізеді.

-->