Спорт

ІV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

Түркияның Изник қаласында IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды. Аталған шараға 23 спорт түрі бойынша әлемнің жүзге жуық көшпенді халықтарының спортшылары бақ сынайды, деп хабарлады Elorda.info.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында 10-ға жуық спорт түрінен тек көрсетілім ойындары ғана болады. Оның ішінде біздің елдің спортшылар Теңге ілу мен Аударыспақтан көрермен көзайымы үшін қойылым жасайды.

Көкпар мен көкбөрінің финалдық бәсекелері 2 қазанға белгіленген. Көкпардан ҚР ұлттық құрама сапында әлем чемпиондары команда капитаны Ұлан Байтөреев, Абылайхан Нышанбеков, «Ғасыр ойыншысы» атанған Құрманбек Тұрғанбек қатарлы азаматтар бар.

-->

Қазақстан құрамасында 5 спорт түрінен 53 спортшы бар. Бүгін көкпар, көкбөрі, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату спортшылары жарыс жолын бастайды. Жарыс қатысушы елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту арқылы әлемнің көшпелі халықтарының мәдениетін сақтау және жаңғырту, көшпелі әлем халықтарының ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейге шығару және сақтау мақсатын жүзеге асырады – дейді Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз хатшысы Жадыра Жүсіп.