«Ұлы дала жорығы»: бүгін жеңімпаздар белгілі болады
Астанадан бастау алған «Ұлы дала жорығы» шабандоздары 1 100 шақырым жолды жүріп өтіп, Созақ ауданына аялдады, деп хабарлады Elorda.info.
Күн сайын 100 шақырым жолды еңсеретін шабандоздар көшпенді ата-бабамыздың қайраты мен қайсарлығын паш етуде.
Түркістан облысының тұрғындары оларды сән-салтанатымен қарсы алып, құрмет көрсетті. Кешегі жарыста алғаш болып Маңғыстау өңірінің шабандоздары мәреге келді. Шабандоздар бір түн демалып, бүгін қайта атқа қонды. 100 шақырым жолды артқа тастап, марафонға қатысушылар енді Түркістан шаhарына жол тартты.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған бәйгенің сыйақы қоры – 65 000 000 теңге. Түркістанға бірінші болып барған команда «Ұлы дала сарбазы» атағымен және 30 000 000 теңге көлеміндегі жүлдемен марапатталады. 2-орынға 20 000 000 теңге, 3-орын иегерлері 15 000 000 теңге жүлдеге ие болады. Ереже бойынша 30 000 000 теңге сыйақыны иемдену үшін, командадағы 5 шабандоз мәреге дейін түгел келуі қажет.
12 кезеңнен тұратын бәйгеге 19 өңірден шабандоздар тіркелген болатын. Еліміздегі марафон-бәйге Amanat партиясы, «The Great Steppe Tour» қоғамдық қоры мен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен өтуде.
Айта кетсек, бүгін сағат 21:00-де «Түркістан арена» стадионында «Ұлы дала жорығы» атты республикалық марафон-бәйгесінің жабылу салтанаты өтеді.
-->Астанадан бастау алған «Ұлы дала жорығы» шабандоздары 1 100 шақырым жолды жүріп өтіп, Созақ ауданына аялдады, деп хабарлады Elorda.info.