«Барыс» Ресейде «Спартактан» басым түсті
Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын кеше Ресейде «Спартак» (Мәскеу) клубына қарсы өткізді, деп хабарлады Elorda.info.
Екі команда бұған дейін 27 мәрте кездесті. Оның 10-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Кездесуде мәскеулік хоккейшілер белсенді бастады. Дегенмен, «Барыс» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Енді «Барыс» алдағы екі ойынын елордада өткізеді. Алдымен 2 қазанда «Сочи» командасын қабылдаса, 4 қазанда «Нефтехимикпен» шеберлік байқасады.
-->Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын кеше Ресейде «Спартак» (Мәскеу) клубына қарсы өткізді, деп хабарлады Elorda.info.