«Барыс» бүгін сырт айдында «Спартакпен» кездеседі
«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Спартак» командасымен өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.
Мәскеуліктер Батыс конференциясы көшбасшыларының бірі. Өткен турда "Спартак" жергілікті дербиде ЦСКА-ға овертаимда – 2:3 есебімен ұтылды.
Мәскеуліктерде 11 матчтан кейін 15 ұпай. Команданың ең нәтижелі ойыншысы шабуылшы Александр Хохлачев (7 ұпай, 3+4).
Ал астаналықтар 11 кездесуде 11 ұпай жинады. Линден Вей (5+3) және Джереми Бракко (2+6) – "Барыстың" ең нәтижелі ойыншылары.
Матч елорда уақытымен 22:30-да басталады.
-->«Барыс» бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Спартак» командасымен өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.