Спорт

Астанада «OTBASY DUATLON 2022» жарысы өтеді

2 қазан күні елордада Триатлон саябағында «OTBASY DUATLON 2022» жарысы өтеді. Жарыс сағат 10:00-де басталады, деп хабарлады Elorda.info.

Тіркеу нөмірлері 2 қазан күні сағат 08:00-ден сағат 10:00-ге дейін беріледі. Жарысқа балалар 8-9, 10-11, 12-13 жас санаттары бойынша қатысады. Ата-аналардың жасы маңызды емес.

Жарыс екі спорт түрінен үш қашықтықта өткізіледі. Еңсеретін қашықтықтың жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайды.

•      Жүгіру (әкелер) – 2,1 км;

•      Веложарыс (аналар) – 2,1 км;

•      Жүгіру (балалар) – 200 м.

Әкелер жарыс сызығынан 2,1 км қашықтыққа бірінші болып жүгіреді, олар эстафетаны аналарға беріп, транзиттік аймақта күтеді.

Екінші болып аналар 2,1 шақырымға велосипедпен жүріп өтіп, эстафетаны балаларға береді.

Үшінші болып балалар (8-9 жас, 10-11 жас, 12-13 жас) мәреге дейін 200 м жүгіреді.

I, II, III кезеңді аяқтаған отбасылар жеңімпаз атанады.

Әр топтағы жарыс жеңімпаздары барлық қашықтықты еңсеруге кететін уақыт бойынша анықталады.

Жеңімпаздар I, II, III орын дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыға қатысқаны үшін медальдармен беріледі.

Жеңімпаздарға теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, термопот, смартфон, смарт сағат, велосипед секілді бағалы сыйлықтар табысталады.    

Сондай-ақ, қатысушылар арасында тіркеу нөмірлері бойынша лотереяда 10 велосипед пен елордадағы дәмханаларға тегін сертификаттар ойнатылады.

Жарысқа қатысу үшін 87470545900, 87079778001 нөмірлеріне хабарласып, тіркелу үшін қажет.

-->