Спорт

Дмитрий Баландин спорттағы мансабын аяқтады

2016 жылы Рио де Жанейрода өткен Олимпиадада жүзуден чемпион атанған қазақстандық Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметінше, 200 метр қашықтыққа брасспен жүзуден Олимпиада чемпионы атанған Дмитрий Баландин кәсіби мансабын аяқтау жөнінде шешім қабылдаған.

Алматының тумасы Кореяның Инчхон қаласында өткен 2014 жылғы Азиаданың үш дүркін чемпионы және Кванджу қаласындағы 2015 жылғы универсиада жеңімпазы.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы жақында үйленген болатын.

-->