Спорт

«Барыс» хоккей лигасында «Автомобилистен» басым түсті

Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Ресейлік клуб биылғы турнирді сәтті бастады. Сегіз ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Автомобилист» 2-орынға жайғасқан еді. Ал алғашқы бес кездесуін сәтсіз өткізген «Барыс» 16-орында тұрды. Сондықтан қазақстандық клуб әрбір кездесуінде жеңіске жету жолын іздеп келеді.

«Автомобилистке» қарсы ойында 2:0 есебімен басым түсті.

Енді елордалық команда 24 қыркүйекте Ресейде «Северсталь» (Череповец) клубымен кездессе, одан кейін 26 қыркүйекте «Локомотив» (Ярославль), 28 қыркүйекте «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен шеберлік байқасады.

-->