Қазақстандық спортшы көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық Елжана Тәниева көркем гимнастикадан Софияда (Болгария) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz порталына сілтеме жасап.
Ол жекелей көпсайыста медальға таласпақ. Біліктілік қорытындысы бойынша Таниева аралық 14-орынға ие болды.
Ал Айбота Ертайқызы іріктеу кезеңін 24-орынмен аяқтады. Өкінішке қарай, ол 18 финалисттің қатарында болмады.
Шешуші ойын 17 қыркүйекте өтетін болады.
-->Қазақстандық Елжана Тәниева көркем гимнастикадан Софияда (Болгария) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info Olympic.kz порталына сілтеме жасап.