Спорт

Қазақстандық дойбышылар әлем чемпионатында 9 медаль жеңіп алды

21 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Болгарияның Кранево қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Әлем чемпионатына 15 мемлекеттен 200-ге жуық ойыншы жиналды.

Рапидте Қазақстан қоржынына 3 жүлде түсті. Әуелі 9 жасқа дейінгі қыздар арасында Алтынай Саматова топ жарса, 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Айбек Есенғалиев күміс медаль алды. Ал 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Есбол Еренғайып қолаға қол жеткізді.

Блиц санатында 27 жастағы Алтынай Жұмагелдиева чемпион атанды. Бұл оның карьерасындағы 7-чемпиондық атақ екенін айта кетейік. Ал Алтынай Саматова бұл жолы да қарсылас шақ келтірмей, екінші алтынын жеңіп алды. Сондай-ақ Тоғжан Тәжібекова 17 жасқа дейінгілер арасында күміске ие болды.

Классика бағдарламасында Алтынай Саматова жеңіске жетіп, барлық санатта топ жарды. Бұл санатта Тоғжан Тәжібекова алтын алса, Айбек Есенғалиев 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында қола жүлдегер атанды.

Жалпы қазақстандық эрудиттер 5 алтын, 2 күміс пен 2 қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ Тоғжан Тәжібекова мен Алтынай Жұмагелдиева қатар өтіп жатқан ересектер арасындағы командалық әлем чемпионатында бақ сынап, блиц пен классика бағдарламасында қола жүлдеге ие болды.

-->