Қыркүйекте 1200 шақырымдық бәйге-марафон өтеді
-->
Биыл Петропавл қаласында әкімдіктер арасында, мемлекеттік қызметшілер арасында үлкен жарыс өткіздік. Одан кейін Жетісу облысында ауыл жастары ойындары өтті. Сонымен қатар бүгін Нұр-Сұлтан қаласында министрліктер қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр. Осы жексенбіге дейін жалғасады. Қыркүйекте Шымкент қаласында есту қабілеті төмен жандар арасында республикалық спартакиада ұйымдастырылады.
1 қыркүйекте Түркістан қаласында «Тұран барысын» өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар 15-30 қыркүйек аралығында көпкүндік «бәйге-марафон» өткізу көзделген. Ол Нұр-Сұлтан қаласынан басталып, Қарағанды, Ұлытау облыстары арқылы өтіп, рухани астанамыз - Түркістанда жалауын тігеді. Бұл марафонның жалпы қашықтығы 1 200 шақырымды құрайды. Әр облыстан 20 командадан қатысады, - деді Б.Байжанов.