Министр Артспорт бағдарламасының қалай жұмыс істейтінін айтты
Қазіргі уақытта бағдарлама платформасын Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-->Қазіргі уақытта бағдарлама платформасын Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Кейбір балалар үйірмелер мен спорттық секцияларға бармаса да, қызмет көрсетушілердің құжаттарында тіркеліп тұрады, олар өз кезегінде әр бала үшін мемлекеттен ақша алып отыр. Әрі сапа мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Балалар жаттығатын орындарға қойылатын талаптарды күшейтіп жатырмыз. Ол – ғимараттың санитарлық жағдайы, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау камералары, спорттық және басқа да қажетті жабдықтардың болуы. Мұның барлығы балалардың сапалы білім алуы үшін, қауіпсіздігі үшін жасалады. Спорт түріне байланысты жаттығуды қай жастан бастап жасауға болатыны да нақтыланады, - деді Дәурен Абаев.