Елордада дзюдодан Азия чемпионаты бастау алды
Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт вице - министрі Серік Маратұлы Жарасбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов, Азия дзюдо одағының президенті Обайд әль Анзи, Қазақстан дзюдо федерациясы президентінің міндетін атқарушы Асхат Жіткеев және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов қатысты.
Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатын Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ашты.
Құрлықтық біріншілікте төрт күн бойы татами шеберлері жеке және аралас-командалық жарыстарда мықтыларды анықтайтын болады.
Турнирге Азияның 19 елінен келген 200-ге жуық дзюдошы қатысуда.
Сондай-ақ жарыстың ашылу салтанатымен қала әкімі Алтай Көлгінов және Азия дзюдо одағының президенті Обайд әль Анзи құттықтады.
Байрақты бәсекеде ел намысын ұлттық құрама сапындағы 18 спортшы қорғайды. Олардың арасында олимпиада чемпиондары мен әлем біріншіліктерінің жүлдегерлері де бақтарын сынайтын болады.
Сонымен қатар Обайд әль-Анзи мырза ілтипаттығын танытып, құрметті қонақтарға естелік сыйлықтар табыстады.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президенті Тимур Құлыбаевтың арнайы ұсынысымен Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалысқа орасан зор үлес қосқаны үшін Азия дзюдо одағының президенті Обайд әль-Анзи Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеттің арнайы төсбелгісімен марапатталды. Марапатты Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов табыстады.
Айта кетейік, IJF ережелері бойынша Азия чемпионатының медаль иегерлеріне олимпиадалық рейтингте ұпайлар қосылатын болады. Атап айтқанда, жеңімпаз 700 ұпай, күміс жүлдегер – 490 және қола жүлде – 350 ұпай алады.
Дзюдодан Азия чемпионатын көрермендер "Qazsport" отандық спорт арнасынан тамашалай алады.
-->Ашылу салтанатына ҚР Мәдениет және спорт вице - министрі Серік Маратұлы Жарасбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов, Азия дзюдо одағының президенті Обайд әль Анзи, Қазақстан дзюдо федерациясы президентінің міндетін атқарушы Асхат Жіткеев және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас директоры Серік Қасқабасов қатысты.
Дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионатын Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ашты.
Құрметті спортшылар, қонақтар сіздерді Мәдениет және спорт министрлігі атынан Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатының ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. 19 елден келген ең үздік спортшыларға дүбірлі додада сәттілік тілеймін. Ең мықтылар жеңіске жетсін,- деді вице-министр Серік Жарасбаев.
Құрлықтық біріншілікте төрт күн бойы татами шеберлері жеке және аралас-командалық жарыстарда мықтыларды анықтайтын болады.
Турнирге Азияның 19 елінен келген 200-ге жуық дзюдошы қатысуда.
Сондай-ақ жарыстың ашылу салтанатымен қала әкімі Алтай Көлгінов және Азия дзюдо одағының президенті Обайд әль Анзи құттықтады.
Қайырлы күн құрметті спортшылар және жарыс қонақтары! Дзюдодан ерлер және әйелдер арасындағы Азия Чемпионатының ашылу салтанатымен өздеріңізді құттықтаймын! Нұр-Сұлтанға қош келдіңіздер! Дзюдо бойынша Азия чемпионаты елордамыздың тарихында бірінші рет өткізіліп отыр. Бүгінгі өтіп жатқан ерлер және әйелдер арасындағы дзюдо жарысының өтуі спортшыларымыз үшін маңызды. Өйткені спортшыларды шындауға мүмкіндік береді. Барша спортшыларға сәттілік тілеймін. Ал, еліміздің дзюдошыларына жоғары жетістік тілей отыра, осы Азия чемпионатында еліміздің туын көтеріп, әнұранын шырқатуларыңызға тілектеспін. Ең мықтылар бүгін жеңіске жетсін, - деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов.