Спорт

«Астана» польшалық «Ракувтан» тағы да жеңіліп қалды

«Астана Аренадағы» қарымта кездесу ештеңе шешпейтін еді. Себебі Польшада өткен алғашқы матчта «Ракув» 5:0 есебімен жеңген болатын. 

Дегенмен жанкүйерлер астаналық команда қарымта кездесуде жеңіп, УЕФА клубтарының рейтингінде Қазақстанға ұпай сыйлайды деп сенді. Бірақ польшалықтар «Астана Аренадан» жеңіспен қайтты. Кездесудің 16-минутында украиналық футболшы Владислав Кочергин алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты. Бұл ойындағы жалғыз гол болды. Кездесу барысында елордалықтардың есепті теңестіретін мүмкіндігі бола қойған жоқ. 

Осылайша, «Астана» биылғы еурокубокпен қоштасқан алғашқы қазақстандық клуб болып отыр. Команда қатарынан үшінші еуромаусымда жарыс жолын ерте аяқтады.    

Конференция лигасы.

2-іріктеу кезеңі. 2-матч. 1 матч есебі - 0:5

«Астана» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – «Ракув» (Ченстохов, Польша) - 0:1 (0:1)

Гол: Кочергин 16

Төреші: Клима (Чехия)

28 шілде. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена» стадионы

-->