Елордада бастауыш партия ұйымдары арасында футболдан турнир өтті
Спорттық шараның мақсаты – аудандық филиалдар арасында салауатты өмір салтын ұстану, партияластар арасында достық қарым-қатынасты күшейту.
Футбол турниріне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бауыржан Сартбаев, қалалық филиалдың саяси кеңес мүшесі Зейнолла Шибкенов, Байқоңыр аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Жомарт Қиялов және т.б партия белсенділері қатысты.
Спорттық жарыстың ұйымдастырушылығына белсене атсалысқан Amanat партиясы Байқоңыр филиалының атқарушы хатшысы Дәурен Ұлықпанов турнирдің салтанатты ашылуында сөз сөйлеп, партия өкілдерін жігерлендіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Командалар арасында жарыс айналмалы жүйеде, яғни барлық команда бір-бір кездесумен өткізді. Ойын барысында жанкүйерлер командаларды барынша жігерлендіріп, қаысушы топтар жанкүйерлердің қолдауын сезіне алды. Тек өз саласының ғана емес, сондай-ақ спорттық жарыстарда да өз ісінің майталмандары шілде айының аптап ыстығына қарамастан, бәсекеде тартысқа толы ойын көрсетті.
Барлығы 22 команда бақ сынаған турнирдің нәтижесі бойынша бас жүлделі «Астана су арнасы» мекемесі иеленді. «Astana» акционерлік қоғамы екінші орынды, ал «Қаныш Сәтпаев атындағы канал» ұйымының мекемелері үшінші орынды қанжығаларына байлады.
Спорттық жарыстың үздіктеріне кубоктар мен тиісті дәрежедегі дипломдар табыс етілді. Әр команда жарысқа белсене қатысқаны жөніндегі мақтау қағаздарына ие болды.
-->Спорттық шараның мақсаты – аудандық филиалдар арасында салауатты өмір салтын ұстану, партияластар арасында достық қарым-қатынасты күшейту.