Спорт

«Елорда бәйгесі»: Құнан бәйге мәресіне жетті

Аталған бәйге түрі бойынша 6 құнан жарыс жолағына шықты. 7 шақырымдық қашықтық бойынша 4 айналымға жіберілген 6 құнанның үшеуі ғана мәре сызығын кесті, үш құнан үш айналымнан кейін жарыс жолынан шығып қалды. 

Бәйгенің ережесі бойынша шабондоздар қамшы салуына болмайды. Егер қамшыласа жарыс жолынан шығарылады.

Құнан бәйгеде Жандос Рыздықбайовтың 6-нөмірлі «Тайфун» есімді байталы бірінші болып мәреге жетті. Екінші орын Жандос Ахметовтің құнаны «Қызғалдаққа» бұйырды. Ал 3-орынды Мұрат Алшынбаевтың «Қарлығашы» иеленді.

Айта кетейік, бүгін елорда күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Елорда бәйгесі» республикалық турнирі өтіп жатыр

Қалиакбар Үсемханұлы

-->

Бұл жастарды зорлық-зомбылықтан аулақ болуға және жануарларды ұрып-соғатын жаман әдеттен аулақ болуға баулу, - дейді жарыс төрешілері. 